Педагогтің кәсіби дамуы мектептерде оқыту сапасын арттырудың шарты ретінде

Авторлар

  • Жаумбай Қараев Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Алия Чокушева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Исатай Сағындыков Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-155-165

Түйінді сөздер:

кәсіби өсу, кәсіби құзыреттілік, өзін-өзі дамыту, білім берудегі инновация, педагог портфолиосы, құзыреттілік, мектеп процестерінің тиімділігі

Аннотация

Мақалада білім беру сапасын арттырудағы педагогтің кәсіби дамуының рөлі талданады. Педагогтің кәсіби дамуы мектептердегі білім сапасын арттырудың негізгі факторы болып табылады. Педагог кәсіби дағдылары мен білімдерін белсенді түрде жетілдірген кезде, олар өз жұмыстарына сауатты және сенімді бола бастайды, бұл оқу процесі мен білім алушылардың жетістіктеріне оң әсер етеді. Педагогтің кәсіби дамуы оқыту мен тәжірибе алмасудың әртүрлі формаларын қамтуы мүмкін, мысалы, семинарларға, тренингтерге, конференцияларға, шеберлік сабақтарына қатысу Мақалада сонымен қатар педагогтің  кәсіби өсуін бағалау кезінде ескерілетін критерийлер мен көрсеткіштер келтірілген. Қазіргі педагог портреті оның қазіргі білім беру ортасында табысты жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби қасиеттерінің, дағдылары мен құндылықтарының жиынтығын көрсетеді. Оның Hard және Soft Skills дағдыларының дамуын сипаттайтын педагогтің кәсіби өсу картасы педагогтердің кәсіби дамуын бағалау мен басқарудың пайдалы құралы бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Қалай келтіруге болады

Қараев , Ж., Чокушева, А., & Сағындыков , И. (2023). Педагогтің кәсіби дамуы мектептерде оқыту сапасын арттырудың шарты ретінде. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 105(2), 155–165. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-155-165

Шығарылым

Бөлім

Үздіксіз педагогикалық білім беру