Аутистік спектрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыстың кадрлық қамтамасыз етілу мәселелері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-143-154Түйінді сөздер:
аутистік спектрлі бұзылыстар, кадрлық қамтамасыз ету, арнайы педагог, аутизм орталығы, клиникалық педагогАннотация
Мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасында аутистік спектрлі бұзылыстары бар балалармен түзету-педагогикалық процесті кадрлық қамтамасыз ету мәселесін зерттеу. Қолда бар тәжірибе көрсеткендей, жұмыс берушілерге түзету-педагогикалық практикада қарқынды енгізіліп жатқан барлық заманауи озық шетелдік технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген, АСБ бар балалармен жұмыс істеуге мақсатты түрде даярланған бейінді мамандар қажет. Балалардың осы санаты үшін тиісті біліктілігі бар мамандарды даярлау ісін кәсіби педагогикалық даярлық контекстінде қарастырған жөн, өйткені біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстары күтілетін іргелі білім мен дағдыларды тиісті деңгейде қамтамасыз етпейді. АСБ бар балалармен жұмыс істеуде психологиялық-педагогикалық және медициналық әсердің бірлігін сақтау ерекшелігін ескере отырып, жоғары оқу орындарының міндеті – арнайы (түзету) және жалпы білім беру ұйымдарына арнайы педагогтарды даярлау олардың болашақта атқаратын лауазымына, білім беру ұйымдарының типтері мен қызмет сипатына сәйкес кәсіби даярлау бағыттарын жаңарту және кеңейту. Сонымен қатар АСБ-ң клиникалық көріністері білім беру бағдарламаларын жұзеге асыруда практикалық психологтар мен медицина мамандарын тартуды қажет етеді. Нәтижесінде ата-аналардың, жұмыс берушілердің, мемлекет пен қоғам тарапынан қойылып отырған, яғни ерте жастағы балалармен психологиялық, медициналық скринингтік тесттер мен диагностикалық іс-шараларды жүзеге асыруға; шетелдік түзету әдістері мен технологияларының тиімділігін талдау мен бағалауға, озық әлемдік тәжірибелердің нәтижелерін бейімдеу мен модификацияны ескере отырып сынақтан өткізуге және енгізуге қабілетті, білім беру жүйесін қолдану шарттарының немесе ерекшеліктерінің сәйкес келмеуі себебінен қажетті нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ете алмайтын белгілі бір әдістемелердің тиімсіздігін уақтылы тануға; өз әдістемелерін зерттеу мен әзірлеуге; АСБ бар балаларды оқыту және әлеуметтендіруге; АСБ бар балалардың қолжетімді және сапалы білім алуға құқықтарын толыққанды іске асыруға қабілетті мамандарға деген сұраныстарды қанағаттандыруға болады.