Заманауи білім беру үдерісі жағдайында педагогтердің дербестік және субъективтілік деңгейін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-111-120Түйінді сөздер:
субъективтілік, тәуелсіздік, педагог, оқу процесі, өзін-өзі тануАннотация
Бұл мақалада заманауи білім берудің өзекті мәселелерінің бірі – мектеп педагогтерінің субъективтілігі мен дербестігін дамыту мәселесі қарастырылады. Авторлар «субъективтілік», «тәуелсіздік» ұғымдарын талдап, олардың сипаттамаларын берді. «Педагогтердің субъективтілігі» деп, ең алдымен, тәуелсіз өмір сүру бастамасына, таңдалған мамандықтағы немесе қызметтегі жетістіктерге жоғары уәждемеге байланысты «өзін-өзі құрудың» қол жетімді және тиімді қағидасы ретінде қарастыруға болады. Алайда, педагогтің субъективтілігінің дамуына мектеп білім беру жүйесінің жетілмегендігі, педагогтердің сұраныстары мен талаптарын ескермеу сияқты факторлар кедергі келтіреді. Бұл педагогтердің жеке қасиеттері сияқты фактормен де байланысты. Қойылған мәселені шешу үшін эксперименттік жұмыс ұйымдастырылып жүргізілді. Эксперименттік жұмыс негізінде «тұлғаның өзін-өзі тану» сауалнамасы және «субъективті бақылау деңгейі» анықталды. Авторлар мектеп педагогтерінің субъективтілігі мен дербестігін дамытуға әсер ететін педагогикалық жағдайларды анықтады. Бірінші кезектегі шарт болып педагогтердің танымдық баламаларды таңдау мүмкіндігі және нәтижесінде білім алушыларды өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру болып табылады.