Мектеп білім алушыларының кәсіби бағдарлануындағы эмоционалды интеллектінің рөлі

Авторлар

  • Қуандық Тайболатов Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Максим Постоялко «Павлодар қаласының гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі № 39 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
  • Айсара Нурлыбаева Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOl мектеп-лицейі
  • Айнагул Турсунова Дулат Бабатайұлы атындағы № 89 мектеп-лицейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-63-70

Түйінді сөздер:

эмоционалды интеллект, кәсіби бағдар, мансаптық шешім қабылдау, мектеп, эмпатия

Аннотация

Бұл мақалада мектеп білім алушыларының кәсіби бағдарлануындағы эмоционалды интеллекттің рөлі зерттеледі. Зерттеудің мақсаты мектеп білім алушыларының кәсіби бағдарлануындағы эмоционалды интеллектінің рөлі, эмоционалды инттелект пен мектеп білім алушыларының мамандық таңдаудағы ниеті мен әсер ететін факторларын зерттеу. Зерттеу Павлодар қаласының 8, 9 және 10 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Зерттеу эмоционалды интеллект деңгейін анықтауға арналған Д. Люсиннің «ЭмИн» сауалнамасы және авторлық кәсіптік бағдар беру сауалнамасын қолдану арқылы жүргізілді. Нәтижелер мектеп білім алушыларының эмоционалды интеллект деңгейі мамандық таңдаудағы ниеттерімен, сондай-ақ осы таңдауға әсер ететін факторлар мен кедергілермен байланысты екенін көрсетті. Эмоционалды интеллектуалды сауатты мектеп білім алушылары кәсіптің әлеуметтік маңыздылығына байланысты аспектілерді басшылыққа алады, ал эмоционалды интеллектісі төмен деңгейді көрсеткен мектеп білім алушылары материалдық аспектілер мен сыртқы әсер етуші факторларға бағытталған. Бұл нәтижелер мектеп білім алушыларын саналы мамандық таңдауға және болашақ жұмыс ортасында сәтті бейімделуге дайындау мақсатында эмоционалды интеллекттің дамуын білім беру процесіне біріктірудің маңыздылығын көрсетеді. Бұл зерттеу білім беру мекемелері мен педагогтер, ата-аналар үшін практикалық жағынан маңызды болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Қалай келтіруге болады

Тайболатов, Қ., Постоялко , М., Нурлыбаева , А., & Турсунова , А. (2024). Мектеп білім алушыларының кәсіби бағдарлануындағы эмоционалды интеллектінің рөлі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 108(1), 63–70. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-63-70

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие және тұлғаны дамыту