Математикалық сауаттылықты қалыптастыруда контекст негізіндегі тапсырмалардың маңызы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-29-37Түйінді сөздер:
математика, функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаттығулар жүйесі, контекст негізіндегі тапсырмаларАннотация
Қазіргі білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсаттары ретінде жас ұрпаққа үздіксіз және терең білім беруді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуді атауға болады. Математикалық білім берудің басым бағыттарының бірі – пәнді оқыту процесінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру: білім алушылардың практикалық есептерді шешу үшін нақты өмірде үйренген математикалық білімдері мен дағдыларын пайдалануға дайындығы, сондай-ақ қажетті ақпаратты өз бетінше алуға және оны пайдалана білуге ұмтылуы, яғни математикалық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту. Мақалада функционалдық сауаттылықтың бір бағыты болып табылатын математикалық сауаттылықты қалыптастыруда білім алушылардың білімі мен тәжірибесіне байланысты нақты өмірлік жағдайды сипаттайтын контекст негізіндегі тапсырмалардың маңызы туралы баяндалған. Оқу процесінде контекст негізіндегі тапсырмаларды қолдану білім алушыларда берілген жағдайды талдау, түсіну және түсіндіру, шығару тәсілін таңдау дағдыларын қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын арттыруға, оқушылардың математикалық, оқу, қаржылық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететіні көрсетілген; мұндай тапсырмалардың халықаралық зерттеулерінде, Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларында қолданылуы туралы жазылған. Сонымен қатар, контекст негізіндегі тапсырмалардың оқу процесінде қолдану аясын анықтау мақсатында «Контекст негізіндегі тапсырмалар» атты жүргізілген сауалнаманың талдау нәтижесі келтірілген.