Басқарудағы жобалау қызметі арқылы педагогикалық жүйелерді дамыту

Авторлар

  • Светлана Бахишева Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-11-24

Түйінді сөздер:

педагогикалық жүйелер, жобалау қызметі, басқарушылар құзыреттілігі, ұжымды дамыту, мақсатты-бағдарлы жобалар, жүйе компоненттері, адами ресурстар, ұйымның жаңа сапасы

Аннотация

Ұсынылған мақалада педагогикалық жүйе ретіндегі білім  беру ұйымдарын  басқарудың мазмұндық және технологиялық жаңғыртылуы қажеттігі анықталып, ондағы жобалау қызметінің рөлі ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан негізделген.  Жаңа өзгерістердің педагогикалық жүйелердегі қайта құруларды қамтамасыз ететін басқару логикасын айқындалып, оның білім берудің жаңа нәтижелеріне сай   ұйымдастырушылық қызметін белгіленген. Зерттеудің ғылыми маңыздылығын педагогикалық құбылыстардың диалектикалық табиғаты мен  тұтастық сипатына сәйкес педагогикалық жүйелердің дамуына қажетті компоненттері мен олардың өзара байланыстарының негізделуі айқындайды. Осыған орай, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымын басқару оның құрылымдық және қызметтік компоненттерінің, қызмет ету шарттарының, жүйеқұраушы факторларының  мақсатқа-бағдарлы жобалар арқылы ұйымдастырылуын қажет етеді.  Практикалық маңыздылығын басқарудағы жобалау қызметінің  мазмұны мен әдістерінің ұсынылуы, жобалаудың тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері, білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттілігін  дамыту әдістері құрайды.  Сонымен қатар, ұйымдастырушылық және адам ресурстарын дамыту тұрғысынан қамтамасыз ететін педагогикалық жүйелерді басқарудың жаңа   қызметі – жобалау арқылы ұйымның жаңа сапасына жету алгоритмі құрастырылған. Зерттеудің әдіснамасы мен әдістері ретінде  жүйелілік,  іс-әрекеттік, зерттеушілік тұрғылар;  ғылыми-теориялық  әдебиеттерді  талдау әдістері, эксперимент жүргізу және қорытындыларын жинақтау, салыстыру, рефлексия, жобалау қызметі арқылы ұйымның өзгерістерге дайындығын дамыту тәжірибелері мен ұсыныстар қарастырылған. Қорытындыда басқарудағы жобалау қызметі арқылы педагогикалық жүйелерді дамытудың тиімділігі тұжырымдалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-07-11

Қалай келтіруге болады

Шығарылым

Бөлім

Орта білім берудегі менеджмент