Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-131-141Түйінді сөздер:
ұлттық тәрбие, құндылықтар, саналы ұрпақ, мектепАннотация
Мақалада ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін пайдалана отырып және қазіргі ғылыми жаңашылдықтарды ескере отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуді жетілдірудің өзектілігі мен маңыздылығы талқыланады. Қазіргі жағдайда мұғалімдерді тиімді қолдау және бағдарлау қажеттілігіне, сондай-ақ мектеп білім алушыларын дамыту мен тәрбиелеудің әртүрлі бағыттарына, соның ішінде құндылықтарды білім беру процесіне интеграциялауға, тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға және ұлттық рух пен құндылықтарды қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдануға баса назар аударылады. Бұл мақала мектепте ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің өзекті бағыттарына шолу болып табылады. Мақалада жас ұрпаққа тәрбие беру жұмыстарын 6 бағытта жүргізу қарастырылды: мектептің ұжымдық мәдени-тәрбиелік ортасы, отбасылық құндылықтар жүйесі, отбасылық құндылықтар жүйесі, ұлттық құндылықтар жүйесі, салауатты өмір салты, АКТ сауаттылық, адал кәсіпкерлік еңбек құндылықтары. Осы бағыттарды қолдау үшін бастауыш мектептен бастап жоғары сынып оқушыларына дейін білім берудің барлық деңгейлерінде қолдануға болатын сынып жетекшілеріне, ата-аналарға және оқушыларға арналған 14 әдістемелік құрал әзірленіп, олардың бағыттары мен күтілетін нәтижелері жазылған. Мақалада ұрпақты тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін жаңғырту, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, ақыл-ой қабілеттерін дамыту және патриоттық тәрбие беру қажеттігін атап көрсетеді.