Орта мектептің информатика пәні бойынша ақпараттық теория негіздерін оқыту
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-91-96Түйінді сөздер:
ақпарат теориясы, ақпаратты өлшеу, Хартли формуласы, Шеннон теңдеуі (ақпараттық энтропия), ақпарат құндылығыАннотация
Ақпарат теориясы ғылымаралық бағыттағы ілімге жатады. Бүгінгі күні ақпарат теориясының ғылыми және практикалық нәтижелері компьютерлік ғылымда, математикада, физикада, лингвистикада және тағы басқа іргелі ғылымдарда жан-жақты қолданыс тауып отыр. Мақалада ақпарат ұғымының теориялық, практикалық және педагогикалық аспектілері баяндалған. Ақпарат іргелі ұғым екендігі және оның әлеуметтік-табиғи процестердегі алатын орны анықталды. Орта және жоғары мектептің оқу үдерісінде ақпарат ұғымының іргелі мәселелерін зерттеудегі информатика пәнінің рөлі зерделенді. Ақпараттық теорияның негізгі теңдеулері Хартли және Шеннон формулаларының мәні және қолданбалылығы ашылды. Ықтималдық теориясы негізінде ақпараттық анықталмаушылық және оның өлшем бірлігі туралы түсінік берілді. Ақпараттық теорияның әртүрлі ғылыми бағыттары зерттелді: ақпарат шамаларын өлшеу және шеннон теңдеуін тестілеу үдерісінде қолдану.