Қазақ әдебиеті сабағының сапасы мен мұғалімнің құзыреттілігі: талдау негізіндегі ұсыныстар

Авторлар

  • Динара Булатбаева А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-98-110

Түйінді сөздер:

қазақ әдебиеті мұғалімінің құзыреттілігі, әдебиеттанушылық құзыреттілік, әдебиеттік құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік, педагогикалық құзыреттілік, психологиялық құзыреттілік, әдебиет сабағының сапасы

Аннотация

Мақалада қазақ әдебиеті мұғаліміне қойылатын талаптар мен оның тәжірибедегі көрінісі, қажетті кәсіби құзыреттілікті дамытудағы кедергілер қарастырылады. Әдебиет пәні мұғалімінің кешенді көпкомпонентті құзыреттілігі мазмұны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында анықталып жазылған. Осы мазмұн негізінде бүгінгі күні толыққанды іске асырылмай жатқан мектепте сапалы әдебиеттік білім беру мәселесі бойынша мұғалімнің әрекеті қандай болу керек? Ол тек қана пәнді оқыту емес, соның негізінде оқушыларды ұлттық құндылыққа баулу, олардың эмоционалдық интеллектісін қалыптастыру, ақпараттық технологияларды оқушыларға пайдалы қолдануға үйрету, уақытты үнемдеу және тиімді қолдану сияқты оқушылардың метапәндік  құзыреттілігін дамыта білуі қажет. Осы орайда  әдебиет сабақтарына бақылау жүргізу негізінде, жас әдебиет мұғалімнің кәсіби жұмысындағы олқылықтар анықталған.  Сонымен қатар, білім беру саласындағы кез келген пән сияқты қазақ әдебиеті бойынша да пәндік-мазмұндық, педагогикалық, дидактикалық, психологиялық, әдістемелік және пәнаралық компонент, сонымен қатар, пәннің өзіндік ерекшелігіне сай этика-философиялық, тарихи-мәдени компонент қамтылатыны мәлімделеді. Сол компоненттер негізінде көркем шығарманы кешенді түрде оқыту тетігі әзірленіп, ұсынылып отыр, оның тиімділігі де мұғалім мен студенттердің арасында талқыланған. Мақалада осы бағытта перспективалық жұмыстардың да мазмұны белгіленген.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Қалай келтіруге болады

Булатбаева, Д. (2024). Қазақ әдебиеті сабағының сапасы мен мұғалімнің құзыреттілігі: талдау негізіндегі ұсыныстар. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 108(1), 98–110. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-98-110

Шығарылым

Бөлім

Үздіксіз педагогикалық білім беру