Оқушылардың білім беру нәтижелеріне мұғалімдердің мамандандырылған педагогикалық дайындалуының әсері туралы
Түйінді сөздер:
мамандандырылған мұғалімдерді дайындау, оқушылардың жетістігі, мұғалімнің біліктілігі, мұғалімнің білімі, TIMSS, TALISАннотация
Бұл мақалада мамандандырылған педагогикалық дайындықтың оқушылардың білім беру нәтижелеріне ықпалы қарастырылған. TIMSS және TALIS халықаралық зерттеулерінің деректеріне сүйене отырып, зерттеу мамандандырылған педагогикалық оқуды аяқтаған мұғалімдердің тиімді оқу ортасын құруға
және белсенді оқытуға дайындығы жоғары екенін көрсетеді. Осы мұғалімдерден
сабақ алған оқушылар оқу үлгерімінің және оқу үдерісіне жалпы қатысуының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Нәтижелер мұғалімдердің мамандандырылған
педагогикалық даярлығы білім сапасын арттырудың және оқушылардың оқуының оң нәтижелеріне ықпал етудің маңызды факторы болып табылатынын көрсетеді. Мақаланың соңында оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру мақсатында
мұғалімдерді мамандандырылған педагогикалық оқытуға басымдық беру туралы
ұсыныстар берілген.