Мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі

Авторлар

  • Назира Әденбек КазНПУ
  • Жанат Нурбекова Абай атындағы ҚазҰПУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-38-51

Түйінді сөздер:

мектеп информатикасы, жасанды интеллект негіздері, цифрлық технология, оқу бағдарламасы, оқыту

Аннотация

Әлеуметтік және адам өмірінің әртүрлі аспектілерін цифрландыру ақпараттық технологиялар саласындағы жасанды интеллект бағытының артуымен сипатталады. Алдағы уақытта жасанды интеллектке  байланысты құзыреттер кез келген кәсіптің мамандары үшін үлкен сұанысқа ие болады. Осыған байланысты ғалымдар мен педагогтер арасында мектепте жасанды интеллект негіздерін оқыту мәселесінің өзектілігі артып келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда ҰБТ (Ұлттық Біріңғай тестілеу) сұрақтарына да жасанды интеллект негіздері бойынша сұрақтардың кіріктіріліуіне байланысты бұл тақырып зерттеуді қажет етеді. Бұл мақалада мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқыту мазмұны қарастырылып, талдау жасалынды. Қазіргі білім беру жүйесінде орта буын оқушыларын оқыту кезінде мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі қаншалықты деңгейде екенін анықталды. Зерттеу барысында мектептің 20 информатика пәні мұғалімдерінен және 40 оқушыдан сауалнама алынып, талданды. Зерттеу нәтижесі бойынша оқушыларда жасанды интеллект негіздері бойынша білім деңгейлері қарастырылып, олардың қызығушылықтарының жоғары деңгейде екені көрсетілді. Сонымен қатар мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі анықталып, жасанды интеллект негіздерін оқытуда көбінесе жобалық тапсырмалардың енгізілуі керек екендігі айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Қалай келтіруге болады

Әденбек, Н., & Нурбекова , Ж. (2024). Мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 108(1), 38–51. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-38-51

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі