Сабақты тиімді жоспарлау сапалы білім берудің негізі ретінде: теориялық негіздер мен ұсыныстар
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-60-71Түйінді сөздер:
сабақты жоспарлау, сабақ кезеңдері, жоспарлаудың тәсілдері мен түрлері, жоспарлау стратегиялары, оқу және оқыту.Аннотация
Сабақты жоспарлау оқу процесінің күрделі және ажырамас бөлігі болып табылады. Алдыңғы жоспарлау және сабаққа дайындық саласындағы көптеген зерттеу жұмыстарында сабақтың сапасы мен оқыту тиімділігінің арасындағы байланыстың маңыздылығын зерттеушілер кеңінен мойындаған болатын. Сол себепті мұғалімдердің жоспарлау дағдыларын дамыту – оқу нәтижелерін жақсартудың негізгі факторы болып табылады. Осыған байланысты бұл мақала – халықаралық әдебиеттер мен эмпирикалық зерттеулерге шолу түріндегі сабақты тиімді жоспарлау мен дайындаудың негізгі теориялық негіздеріне кіріспе болып табылады. Сонымен қатар, бұл мақалада сабақ жоспарын құрудың әртүрлі тәжірибелік стратегиялары қарастырылып, соның негізінде тиімді оқыту мен тәрбие үдерісін құру бойынша ұсыныстар беріледі. Сондай - ақ, бұл жұмыста сабақты жоспарлаудың негізгі тәсілдері мен түрлері туралы да ақпарат берілген. Бұл ақпарат қазіргі және болашақ мұғалімдерге сабақтың кезеңдерін ұйымдастырудың әртүрлі формаларымен танысуға және сол арқылы оқыту туралы түсініктерін тереңірек деңгейде қалыптастыруға көмектеседі.