Интернетке тәуелділікке бейім жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері
Түйінді сөздер:
интернетке тәуелділік, бейім, жасөспірім, тұлғалық ерекшеліктеріАннотация
Аңдатпа. Бұл мақала интернетке тәуелділікке бейімділігі әртүрлі жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне арналған. Жасөспірімдердің мінез-құлқының әртүрлі аспектілері және интернетке тәуелділіктің бейімділік дәрежесі ашылады. Жасөспірімдерде интернетке тәуелділікке бейімділік эмоционалды саланың ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленеді. интернетке тәуелділікке бейім жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу нәтижелері жоғары тәуелділігі бар жасөспірімдер мазасыздықпен, басқаларға сенімсіздікпен, шешімсіздікпен және өзіне деген сенімсіздікпен ерекшеленетіні көрсетілген. Зерттеу барысында С.В. Краснованың «Компьютерлік ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған тест сауалнамасы» және виртуалды тәуелділік деңгейін зерттеу үшін Кимберли-Янг тесті қолданылды. Зерттеуге 15-17 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары қатысты, саны 60 адам.