Мектеп оқушыларының оқу пәндері бойынша үлгеріміне хронотиптің әсерін зерттеу
Түйінді сөздер:
оқу режимі, оқу бағдарламасы, сабақ кестесі, пәндер, емтихан, хронотип, биологиялық ырғақ, әлемеуттік уақыт, МЕQ сауалнамасы, таңертеңгілік типАннотация
Аңдатпа. Мақалада оқушылардың оқу пәндері бойынша үлгерімі және оған хронотиптің әсерін зерттеу жайлы мәселелер қарастырылады. Адамның хронотипі оның ойлау және еңбек қабілетіне әсер ететінділігі ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы белгілі болды, яғни оқушының оқу үлгерімі мен оқу үрдісіне бейімделуі де осы хронотиптік белгілеріне байланысты анықталады. Зерттеу жұмысы кезінде зерттеуге алынған сыныптағы оқушылардан әр пән бойынша бақылау жұмысы және хронотипті анықтауға арналған таңертеңгілік-кешкілік (MEQ) тест сауалнамалары алынды. Нәтиже сенімді болуы үшін сауалнама екі рет жүргізілді. Бақылауға 7 және 9 сынып оқушылары алынды. Оқушылардың жас мөлшері 12-15 жас аралығы болғандықтан жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері де ескерілді. Зерттеу барысында оқушының бақылау жұмысында алатын бағасы сабақтың уақытысы мен хронотипіне байланысы анықталған жоқ. Дегенмен де, «кешкілік» типіне жататын оқушылардың бағасы жаратылыстану бағытындағы пәндерде жоғарырақ болса, «таңертеңгілік» типіндегі оқушыларда гуманитарлық бағытындағы пәндерде жақсы көрсеткіш болды, «аралық» типіндегі оқушылар екі бағытты да жақсы игергені анықталды.