Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-4-117-127Түйінді сөздер:
ООП, методы, инклюзивное образование, языковая компетентностьАннотация
Мақалада ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) білім алушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған арнайы әдістеме ұсынылады. Зерттеудің өзектілігі инклюзивті білім беру жағдайында қазақ тілін тиімді меңгертудің қажеттілігімен айқындалады. Ұсынылған әдістеме білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, оқу мазмұнын дараландыруға және олардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу барысында бақылау, сауалнама, құжаттарды талдау және тәжірибелік тапсырмаларды апробациялау әдістері қолданылды. Нәтижесінде тілдік құзыреттілікті дамытуға арналған қатысымдық жаттығуларды бейімдеудің тиімді тәсілдері айқындалып, арнайы оқу құралдары мен оқулықтарды пайдалану жолдары қарастырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – инклюзивті ортаға бейімделген қатысымдық жаттығулар жүйесін әзірлеуінде. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістемелік тәсілдер жалпы білім беретін мектептерде, арнайы сыныптарда және болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісінде қазақ тілін оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері ЕБҚ білім алушылардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, олардың әлеуметтік бейімделуін жеңілдетуге ықпал етіп, білім беру тәжірибесінде кеңінен қолдануға болатынын көрсетті.
ҚАЗ
РУС
ENG