ТАРИХ САБАҒЫНДА «LESSON STUDY» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Асылхан Рахым Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Бауыржан Абдрахманов

Түйінді сөздер:

«Lesson Study» әдісі, тарих, сабақ, оқушылар, зерттеу, технология, мұғалім, топтық жұмыс

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада «Lesson study» әдісін дүние жүзі тарихы пәнінде қолдану жүзеге асырылды. «Lesson study» әдісіне теориялық талдау жасалынды. «Lesson study» оқыту әдістемесін жетілдіру және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында, сондай-ақ оқыту үшін бағалау сияқты тұжырымдамалық педагогикалық тәсілдерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылды. «Lesson study» өткізу циклі бойында топтарда (немесе жұпта) жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған ереже берілді. «Lesson study» зерттеуінің негізгі тақырыбы «Сыни ойлаудың әдістері мен стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу әрекетін қалай дамытуға болады?» болды. Осы мақсатқа жету үшін дүние жүзі тарихы пәнінен «Ежелгі әлем өркениеті», «Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері», «Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы» тақырыптары таңдалып алынып, сабаққа зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша талдау жасалынып, қорытынды шығарылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-29

Қалай келтіруге болады

Шығарылым

Бөлім

Орта білім берудегі менеджмент