Мектептегі робототехникалық жобаларды ұйымдастырудағы тәлімгердің педагогикалық негіздері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-187-197Түйінді сөздер:
тәлімгерлік, білім берудегі робототехника, жобалау, педагогикалық модель, дағды, білім беру технологияларыАннотация
Мақалада білім берудегі робототехника бойынша жобалық іс-әрекетті ұйымдастыруда тәлімгердің педагогикалық рөлін анықтау және оны құрылымдық модель ретінде ұсыну мәселесі қарастырылады. Зерттеу World Robot Olympiad (WRO) халықаралық жарысына қатысушылар оқушылар мен олардың менторларынан сауалнама алу арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында аралас әдіс қолданылып, сандық деректер статистикалық талдалды және сапалық жауаптар мазмұндық талдау әдісімен өңделді. Нәтижесінде, жобалық оқыту барысында тәлімгердің рөлі жеті негізгі кезең бойынша жүйеленіп, әр кезеңге тән педагогикалық функциялар (бақылау, басқару, кеңес беру, мотивациялық қолдау) нақтыланып сипатталды. Сондай-ақ ұсынылған модельде жоба барысында туындайтын техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешудің балама жолдары қарастырылған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – тәлімгерлік қызметтің жобалық оқу құрылымына интеграциялануы арқылы педагогикалық модель ретінде ұсынылуы. Ұсынылған модель білім беру тәжірибесінде, әсіресе білім берудегі робототехника мен STEM бағытындағы үйірмелерде, оқушылардың жобалық және инженерлік құзыреттерін жетілдіруде тиімді құрал бола алады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері тәлімгерлік жүйені педагогикалық даярлық бағдарламаларына енгізу қажеттігін негіздейді және болашақта менторлықты цифрлық білім беру платформаларымен ұштастыру мүмкіндіктерін ұсынады.
ҚАЗ
РУС
ENG