Жасанды интеллекті және VR технологияларын мектепте қолданудың болашағы мен тәуекелдері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-44-56Түйінді сөздер:
жасанды интеллект, виртуалды шынайылық, иммерсивті технологиялар, мектептегі білім беру, білім берудегі тәуекелдерАннотация
Бұл мақала білім беру үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) пен виртуалды шынайылық (VR) технологияларын біріктіріп қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талдауға арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты – осы екі технологияның синергиясын зерттей отырып, олардың білім берудегі болашағын анықтау және тәуекелдерді бағалау.
Зерттеуде аралас әдістер қолданылды: халықаралық және отандық ғылыми дереккөздерге сапалық талдау жасалды, сондай-ақ Қазақстан мектептерінің білім алушылары мен педагогтері арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері сандық тұрғыдан өңделді. Зерттеу нәтижелері ЖИ мен VR технологияларын мектептегі оқыту және оқу процесінде үйлестіре пайдаланудың бейімделген оқытуды жүзеге асыру, білім алушылардың белсенділігін арттыру және педагогтердің жұмысын жеңілдету, қашықтан білім алудағы оқыту әдістерін жетілдіру сияқты бағыттарда зор әлеуетінің бар екенін көрсетті. Сауалнама қатысушылардың жаңа технологияларға деген қызығушылығын және оларды енгізуге дайын екенін растады. Сонымен қатар, деректердің құпиялылығы, плагиаризм, этикалық мәселелер және инфрақұрылымның жеткіліксіздігі сияқты маңызды тәуекелдер анықталды. Қорытындылай келе, ЖИ мен VR-ды үйлестіру мектептегі білім беру, әсіресе қашықтан оқыту үшін инновациялық және перспективті бағыт болып табылады, бірақ оны қауіпсіз және тиімді енгізу үшін анықталған тәуекелдерді ескеретін кешенді әдістемелік және ұйымдастырушылық шешімдер қажет.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2025-09-30 (2)
- 2025-10-09 (1)
ҚАЗ
РУС
ENG