SELFIE құралы негізінде мектеп мұғалімдерінің цифрлық құзыреттіліктерін өзін-өзі бағалау нәтижелері

Авторлар

  • Майра Сапиева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Каринова Шолпан «AMANAT» партиясы РҚҰ
  • Ботагөз Дуненбаева «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-174-186

Түйінді сөздер:

цифрлық құзыреттіліктер, мектеп мұғалімдері, өзін-өзі бағалау, SELFIE құралы, сауалнама

Аннотация

Бұл мақалада ұлттық контекстке бейімделген SELFIE өзін-өзі бағалау құралы негізінде мектеп мұғалімдерінің цифрлық құзыреттіліктерін зерттеу нәтижелері сипатталады. SELFIE мұғалімдерге арналған алты негізгі сала бойынша сауалнаманы қамтиды: кәсіби қызмет; цифрлық ресурстар; оқыту және оқуды ұйымдастыру; бағалау; білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту; білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға жәрдемдесу. Зерттеудің негізгі сұрағы: DigCompEdu еуропалық құрылымына сәйкес келетін Қазақстан мектептері педагогтерінің қандай цифрлық құзыреттілік салаларына қолдау қажет және оларды одан әрі жетілдіру қажет? Зерттеуде онлайн сауалнама жүргізу арқылы сандық әдістер қолданылды. Сауалнамаға әртүрлі жастағы және біліктілік санатындағы 200 мектеп мұғалімі қатысты. Іріктеу кездейсоқ тәсілмен жүргізілді. Сипаттамалық әдіс нәтижесінде мұғалімдердің цифрлық құзыреттіліктерінің алты саласы бойынша деректер алынды. Зерттеу нәтижелері педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру үдерісінде келесі салалар бойынша цифрлық дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аудару қажеттігін көрсетті: «Білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға жәрдемдесу», «Білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту», «Оқыту және оқуды ұйымдастыру» және «Бағалау». Сондай-ақ, жас мұғалімдер цифрлық дағдыларды меңгеруде жоғары нәтижелер көрсететіні, ал мұғалімдердің біліктілік санаты олардың цифрлық құзыреттілік деңгейіне ықпал етпейтіні анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Қалай келтіруге болады

Сапиева, М., Шолпан , К., & Дуненбаева, Б. (2025). SELFIE құралы негізінде мектеп мұғалімдерінің цифрлық құзыреттіліктерін өзін-өзі бағалау нәтижелері. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 114(3), 174–186. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-174-186

Шығарылым

Бөлім

Үздіксіз педагогикалық білім беру