Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын заманауи оқыту жүйесіне енгізудің тиімді жолдары
Түйінді сөздер:
Ұлт Ұстазы, ағартушы, реформатор-ғалым, Қазақ әліпбиі, Байтұрсынұлы емлесі, ұлт жазуының көшбасшысы, қазақ тіл білімі, қазақ терминологиясыАннотация
Аңдатпа. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының тілтанымдық еңбектерінің жазылу тарихы, басылуы, таралымы жөнінде және бұл еңбектердің әлі күнге сұранысқа ие екендігі талданып-таратылады. Ағартушының тілтанымдық мұрасының өміршеңдігі талданған зерттеулерге тоқталады, сонымен бірге А. Байтұрсынұлы оқулықтарының тұлға есімі ортамызға оралғаннан кейін қайта басылған таңдамалы жинақтарын да қарастырады. Ұлт ұстазының артында қалған асыл мұрасының 1992 жылдан бері зерттеу нысанына айналғанын және бұл еңбектерді заманауи оқыту жүйесіне негіз ету арқылы тәуелсіздік кезеңдегі ғылымның ұлттық болмыстағы іргесінің нығаюының кепілі екендігіне айырықша тоқталады.