Физика пәні бойынша қарапайым механикалық құбылыстарды компьютермен көрнекілеу

Авторлар

  • Лаура Смагулова І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Дана Куатбаева І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Шолпан Шүйіншина Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Манат Шакенов І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-116-127

Түйінді сөздер:

механика, физикалық процесс, модель, компьютерлік көрнекілеу, программа

Аннотация

Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің механикалық процестер мен құбылыстарын компьютерлік көрнекілеу арқылы оқытудың тиімділігі зерттелді. Зерттеудің басты мақсаты - қарапайым механикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік көрнекілеу арқылы оқушылардың түсіну деңгейін дамытуды теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеу. Компьютерлік көрнекілеу – оқушының физикалық процесті көз алдына елестетуіне, құбылыстың негізгі заңдылықтарын нақты әрі анық түсінуге жағдай жасайды. Бұл әдіс теориялық білімді практикамен байланыстыра отырып, оқушының ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Физикалық қозғалыстарды анимация түрінде көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын қабылдауын жеңілдетуге болады. Зерттеу жұмысы барысында Python бағдарламалау тілінің Tkinter кітапханасы қолданылып, оқушылардың түсінуіне жеңіл әрі қарапайым модельдер жасалды. Атап айтқанда, автокөліктің горизонталь жолдағы қозғалысы, дененің еркін құлауы, горизонталь бағытта лақтырылған дененің қозғалысы сияқты механикалық процестер кескінделді. Зерттеу жұмыстары Талдықорған қаласының Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің 9-сыныптарымен жүргізілді. Жұмыста механикалық құбылыстарды көрнекілеу әдісін пайдаланып оқытудың нәтижелері сипатталады. Зерттеу жұмысының соңында білім беру процесіне мұндай әдісті енгізу бойынша ұсыныстар және физиканың басқа бөлімдерін оқытуда компьютерлік технологияларды қолданудың болашақ мүмкіндіктері қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Қалай келтіруге болады

Смагулова , Л., Куатбаева, Д., Шүйіншина , Ш., & Шакенов , М. (2025). Физика пәні бойынша қарапайым механикалық құбылыстарды компьютермен көрнекілеу. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 114(3), 116–127. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-116-127

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі