Қазақстан мектептеріндегі бағалау және академиялық адалдық жасанды интеллект дәуірінде: сын-қатерлер мен шешу жолдары
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-20-30Түйінді сөздер:
академиялық адалдық, білімдегі бағалау, мектептік білім, критериалды бағалау, жасанды интеллект, Қазақстан, бағалау объективтілігі, цифрлық сауаттылық, академиялық адалдық мәдениетіАннотация
Мақалада Қазақстанның орта білім беру жүйесінде академиялық адалдық мәселелері қарастырылады, әсіресе генеративті жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуына байланысты туындайтын қиындықтарға баса назар аударылады. Дәстүрлі плагиаттан айырмашылығы, ЖИ-генерацияланған мәтіндерді анықтау қиын, өйткені олар бұрыннан бар дереккөздерді көшірмейді, керісінше жаңа мазмұн нұсқаларын жасайды. Бұл бағалаудың қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау қажеттілігіне және ЖИ-ды пайдалану арқылы академиялық адалдықтың бұзылуын болдырмауға арналған тиімді стратегияларды әзірлеуге әкеледі.Мақсаты: Қазақстан мектептерінде академиялық адалдықты нығайту үшін негізгі сын-қатерлерді анықтау және бағалау жүйесін жетілдіру стратегияларын ұсыну.Мақалада генеративті ЖИ-дың мектеп білімінде қолданылуымен байланысты негізгі тәуекелдер көрсетілді, соның ішінде білім алушылардың дербестігінің төмендеуі, академиялық адалдықты бұзушылықтарды анықтаудағы қиындықтар және ЖИ-дың сыни ойлауға әсері. ЖИ-ды мектептерде қолдануды реттеуге арналған халықаралық стратегиялар қарастырылып, осы саладағы Қазақстандағы саясаттағы олқылықтар анықталды.Ғылыми жаңалығы: Жүргізілген талдау Қазақстан мектептерінде адал оқыту мәдениетін қалыптастыруға, бағалау жүйесін бейімдеуге және білім беру саласында ЖИ-ды реттеуге арналған нормативтік механизмдерді енгізуге бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге негіз бола алады.Практикалық маңыздылығы: Қазақстандағы академиялық адалдық саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар, халықаралық тәжірибелер мен қолда бар эмпирикалық мәліметтерге аналитикалық шолу жасалды. Сандық технологиялардың, әсіресе жасанды интеллекттің, бағалау объективтілігі мен сенімділігіне әсер етуімен байланысты негізгі сын-қатерлер анықталды. Генеративті ЖИ дамуы жағдайында академиялық адалдық мәдениетін дамыту қажеттілігі негізделді. Қазақстанның мектеп ортасында академиялық адалдықты нығайту, бағалау жүйесін жетілдіру және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
ҚАЗ
РУС
ENG