КӨРКЕМ МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУ МЕН ТҮСІНУ - ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ҚАДАМДАРЫ
Аннотация
Аңдатпа. Мақалада оқушының көркем шығарма оқу үдерісінде оқиға желісін түсініп қана қоюы жеткіліксіз екендігі, оқырман ретінде мәтінді сыни тұрғыдан түсіну мәселесі қарастырылады. Себебі, көркем шығарманы қабылдау мен түсіну әдебиет пәнін оқытудың функционалды міндеттерін құрайды. Әдеби шығарма оқырманның мәтінмен және сол арқылы автормен бейвербалды диалогі, тәуелсіз коммуникативті әрекет екендігі белгілі, Едеше мағынаны тануда шығарма мазмұнын құрайтын негізгі авторлық қолданыстарды түсінудің маңыздылығы пайымдалады. Оқушылардың мәтінді саналы оқып, талдауға жетелейтін нақты мысалдар келтіріледі. Сөздер мен тіркестердің мағынасын ашу арқылы, оқушылардың әдеби шығарманы қабылдауы мен түсінуі деңгейін көтеруге ықпал ететін нақты әдіс-тәсілдермен тапсырмалар үлгісі ұсынылады. Тапсырмаларда әдеби шығарманың оқиға желісіне қатысты бөлігі немесе кейіпкер іс-әрекетіне қатысты нысандар берілген. Мақаланың қорытындысында, мәтінді түсініп оқу автор мен оқырман әлемінің байланысы, автор мен оқырман әлемінің қарсы қадамы екендігі тұжырымдалады.