Мақала Бастауыш сынып оқушыларының тыңдалым және айтылым дағдылары арқылы тілдерін дамыту
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-112-127Түйінді сөздер:
эссе, дағды, тыңдалым, айтылым, тіл дамыту, әдістемеАннотация
Мақалада авторлар бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тыңдалым мен айтылымға қатысты мәселелерді қарастырған. Зерттеу барысында сауалнама жүргізу және тапсырмалар беру арқылы оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамыту жолдары көрсетілген. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша үш кезеңде бақылау жүргізу арқылы негізгі мәселелер айқындалған. «Сөздерді ата» және «Сурет бойынша айтып бер» әдістемелері арқылы оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамыту барысында кездесетін қиындықтар нақтыланған. Оқушылардың бұл дағдыларын дамытудағы қиындықтарды тапсырмалар мен оқыту және сөйлету әдістерін қолдану арқылы жеңу жолдары қарастырылған. Осы мақсатта авторлар зерттеу жұмысын эксперимент, қалыптастыру және бақылау кезеңдері арқылы жүргізген. Мақалада шетелдік авторлардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарына сүйене отырып, әдебиеттік оқуға қол жеткізуге бағытталған әдіс-тәсілдер мен теориялық және практикалық зерттеулер талданған. Тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімділігі айқындалған. Зерттеу барысында М.П. Воюшина тыңдалым дағдыларын анықтау үшін оқушылардың мәтінді қабылдау деңгейін, сөйлеу дағдыларын және оқу мотивациясын зерттеуді ұсынады. Сонымен қатар, М.П. Воюшина әзірлеген аяқталмаған сөйлемдерге негізделген жартылай проективті әдіс қолданылған. Мақала бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалы болмақ.
ҚАЗ
РУС
ENG