Сыныптан тыс жұмыс жағдайында оқушылардың икемді дағдыларын дамыту

Авторлар

  • Ляйля Сырымбетова Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті
  • Айдана Шаймерденова Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды унивеситеті
  • Салтанат Абильдина Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Мехмет Акиф Созер Гази Университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-169-179

Түйінді сөздер:

икемді дағды, қарым-қатынас, ынтымақтастық, шығармашылық, сыни ойлау

Аннотация

Қазіргі заманғы әлемде табысты бейімделу мен даму үшін неғұрлым әмбебап және талап етілетін болып табылатын икемді дағдыларды қалыптастыру дәстүрлі және инновациялық технологиялар жүйесін, білім алушылармен жұмыс істеу әдістері мен нысандарын қолдана отырып, сабақтан тыс жұмыста да жүргізіледі. Осы мақсатқа жету үшін педагогикалық құралдарды таңдау бірінші кезекте білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Білім алушылардың «икемді» дағдыларын дамыту үшін оңтайлы технологиялар мен жұмыс түрлерін анықтай отырып, біз сабақтан тыс жұмыстардың мақсаттары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлерін қарастырдық. Ойын технологиясы жаңа дағдыларды игеруге ықпал ететін оқытудың тиімді әдісі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты квиз-ойындардың танымал педагогикалық феноменіне талдау жүргізілді. Ол білім алушылардың «икемді» дағдыларын тиімді дамытады. Бұған эмоциялық тарту, стандартты емес жағдай, оқу процесінде алынған білімді қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ командалық жұмыс, коммуникация, сыни ойлау және стандартты емес ойлау дағдыларын жетілдіру ықпал етеді. Сондықтан да осы маңызды дағдыларды қалыптастыру құралы ретінде квиз ойындары таңдалды. Осылайша, зерттеу барысында біз білім алушылардың «квиз» форматындағы зияткерлік ойындарға қатысуы мен оларда ынтымақтастық, қарым-қатынас, шығармашылық және сыни ойлау сияқты құзыреттіліктердің жоғары деңгейде қалыптасуының өзара байланысын анықтадық.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Қалай келтіруге болады

Сырымбетова , Л., Шаймерденова, А., Абильдина, С., & Акиф Созер, М. (2025). Сыныптан тыс жұмыс жағдайында оқушылардың икемді дағдыларын дамыту. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 112(1), 169–179. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-169-179

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие және тұлғаны дамыту