Мектеп географиясын оқытуда қашықтықтан зондтау материалдарын әлеуетті пайдалану туралы әдебиеттерге жүйелі шолу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-97-115Түйінді сөздер:
мектеп географиясын оқыту, қашықтықтан зондтау, материалдарды әлеуетті пайдалану, әдебиеттерге жүйелі шолуАннотация
Мектептегі географияны оқытуда жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) материалдары жер жүйесінің негізгі компоненттерін біріктіруде ғылыми білімнің маңызды элементі ретінде өте маңызды рөл атқарады. Алайда мектеп географиясын оқытуда ЖҚЗ материалдарын қолдануға деген сұранысқа қарамастан, оларды қолдану төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан, бұл зерттеудің мақсаты мектеп географиясын оқытуда ЖҚЗ деректерін пайдалану мүмкіндіктері туралы әдебиеттерге жүйелі шолу жасау болып табылады. Бұл зерттеуде, біз PRISMA әдісін қолдана отырып, Web of Science, Scopus және PubMed дерекқорларында индекстелген ғылыми журналдарда жарияланған мақалаларды талдадық. Нәтижелер көрсеткендей, таңдалған 25 мақаланың 32% - ы шығармашылық және мотивациялық сипатта болса, 24% - ы қашықтықтан зондтау материалдарының географиялық білім берудегі артықшылықтарын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар біріктірілген зерттеу әдісі бойынша 6 мақала (24%), деректерді талдаудың сапалы әдістерін қолдана отырып 4 мақала (16%), семантикалық желілік талдауды қолдана отырып 4 мақала (16%) жазылғаны анықталды. Саны бойынша 2020 жыл (20%) ең көп мақалалар жарияланған жыл ретінде анықталды. Авторлардың 16% - ы өз зерттеулерін Remote Sensing журналында жариялаған. Осылайша, біз Германия, Ұлыбритания, Греция, Испания және Португалия сияқты Батыс Еуропа елдерінің мектептерде географияны оқытуда ЖҚЗ материалдарын пайдаланудағы оң тәжірибесін анықтадық. Бұл зерттеу мектеп оқушыларының геокеңістіктік танымдық қабілеттерін ЖҚЗ материалдарын қолданудың тиімділігін негіздеу арқылы әдебиетке үлес қосуға бағытталған.
ҚАЗ
РУС
ENG