БІЛІМ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА СЫНИ КӨЗҚАРАС

Авторлар

  • Алия Исахановна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айгул Садвакасова

Түйінді сөздер:

виртуалды шындық, білім беру, оқыту технологиялары, педагогика, қатты және жұмсақ дағдылар

Аннотация

Барлық салада қолдануы кеңейіп отырған виртуалды шындық технологиялары білім жүйесіне трансформациялық өзгеріс әкеледі деген болжам бар. Объектілерді бірнеше өлшеммен және шынайы көшірмесі ретінде елестетуге мүмкіндік беретін бұл технологияны білім саласында қолданудың көптеген артықшылықтары бар. Мақалада виртуалды шындық бойынша жазылған ғылыми әдебиетке және қазіргі заманда мансаптық жетістік үшін қажетті дағдылар туралы академиялық зерттеулерге талдау жасау арқылы осы технологияның білім алушылардың икемді дағдыларын дамытудағы әлеуеті зерделенген. Авторлар мәліметтерді жинау мен талдаудың әдеби шолу әдісін пайдалану арқылы ғылыми қоғамдастықтың талқысына өз тұжырымдарын ұсынады. Зерттеу нәтижесі бойынша жасалған негізгі тұжырым – виртуалды шындықты білім саласында қолдану пайдалы, алайда оның білім сапасына елеулі үлес қосуда, оның ішінде ХХІ ғасыр шарттарында өзекті болып отырған жеке тұлғаның икемді дағдыларын дамытуға қолдану үшін алдымен педагогтердің әлеуетін дамыту маңызды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-29

Қалай келтіруге болады

Исахановна, А., & Садвакасова , А. (2023). БІЛІМ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА СЫНИ КӨЗҚАРАС. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 104(1). Retrieved from https://bilim-uba.kz/index.php/science/article/view/11

Шығарылым

Бөлім

Орта білім берудегі менеджмент