Нашар еститін 8-9 жастағы оқушыларда қазақ тіліне тән дыбыстарды қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-205-217Түйінді сөздер:
учащиеся с нарушением слуха, компьютерные технологии, звуки казахского языка, мультимедийные инструменты, сурдопедагогАннотация
Бұл зерттеу есту қабілеті зақымдалған 8-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының қазақ тіліне тән дыбыстарды қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында инновация ұғымына, арнайы білім беру саласында қолданылатын цифрлық технологиялар мен компьютерлік бағдарламалар талданды. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жүйесі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Осы негізде, негізгі мәселе ретінде нашар еститін балалардың сөйлеу қабілетін дамытуда қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс меңгерту мәселесі жан – жақты қарастырылды. Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгертудің заманауи әдістерін талдау жасап, инновациялық технологиялардың сөйлеуді дамытудағы рөлін анықтап, зерттеу есту қабілеті зақымдалған 8-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілетін жақсартуға бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей, инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың сөйлеу дағдыларын жақсартуға оң әсер етеді. Бұл әдістің тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденіп, алынған нәтижелер сараптамалық талдау арқылы негізделді. Бұл есту қабілеті зақымдалған оқушылардың естіп қабылдауын дамытуда және сөйлеу тілін қалыптастыруда компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігін дәлелдейді. Мультимедиалық презентациялар мен электронды материалдардың қолданылуы, сондай-ақ жобалау әдісі сияқты жаңа тәсілдердің баланың білім алу үдерісіне оң әсерін тигізгені байқалды.
ҚАЗ
РУС
ENG