The impact of creative tasks on the speaking skills of primary school students during the acquisition of the English language
DOI:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-127-136Keywords:
creative tasks, motivation, primary school, English language learning, confidence, language skillsAbstract
Бұл зерттеудің мақсаты – креативті тапсырмалардың бастауыш сынып білім алушыларының ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығы, сенімділігі, дағдылары және жалпы қатынасына әсерін анықтау. Зерттеу 11 сұрақтан тұратын сауалнама әдісі арқылы жүргізілді, ол 4 бөлімге бөлінген: ағылшын тілін оқуға деген қатынасты бағалау, креативті тапсырмаларды бағалау, сенімділік пен сөйлеу дағдыларын бағалау және жалпы әсерлер. Сауалнама Лайкерт шкаласына негізделген, бұл респонденттерге бес жауап нұсқасының бірін таңдауға мүмкіндік берді. Зерттеуге орташа жасы 9,4 жасты құрайтын, 83 бастауыш сынып оқушысы (45 ұл, 37 қыз) қатысты. Корреляциялық матрица талдауы бірнеше болжамдарды растады. Біріншіден, сабақтағы тапсырмаларға қызығушылық пен креативті тапсырмаларды орындау ұнамдылығы арасында әлсіз оң байланыс бар (r=0.25), бұл креативті тапсырмалар білім алушылардың оқу процесіне қатысуын арттыратынын көрсетеді. Екіншіден, креативті тапсырмаларды тұрақты орындау білім алушылардың ағылшын тілінде сөйлеуге деген сенімділігін арттырады (r=0.20). Үшіншіден, креативті тапсырмалар сөздік қорды есте сақтауды және сөйлем құру дағдыларын жақсартады, бұл тапсырмалардың есте сақтауға пайдалы екенін және сөйлем құру жеңілдігі арасындағы байланыстан байқалады (r=0.20). Сонымен қатар, ағылшын тіліне жағымды көзқарасы бар бастауыш сынып білім алушылары креативті тапсырмаларды жалғастыруға көбірек мотивация алады (r=0.15). Ағылшын тілін үйренудегі жетістіктер креативті тапсырмаларға қатысуға деген ниетпен оң байланысты (r=0.15). Зерттеу нәтижелері креативті тапсырмалардың бастауыш сынып білім алушыларының тілдік дағдыларының, мотивациясы мен сенімділігінің дамуына айтарлықтай ықпал ететінін көрсетті. Бұл қорытындылар ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттыру үшін креативті тапсырмаларды білім беру процесіне енгізудің маңыздылығын атап көрсетеді.