Биологияны оқытуда оқушылардың өзін-өзі оқыту және өзін-өзі бағалауын ұйымдастырудың дидактикалық шарттары

Авторлар

  • Ербол Қайнарбаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Айнұр Байкенжеева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Имелда Кемеза Мбарара ғылым және технология университеті
  • Динара Аманбекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-71-82

Түйінді сөздер:

дидактикалық шарттар, өз бетімен білім алу, оқушының өзін-өзі бағалауы, биология, орта мектеп

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты жалпы білім беретін мектепте биологияны оқу кезінде оқушылардың өздігінен білім алуын және өзін-өзі бағалауын ұйымдастырудың ең тиімді дидактикалық шарттарын анықтау болды. Зерттеуде педагогикалық эксперимент қолданылды, оның мақсаты оқушылардың білімді меңгеру бойынша өз бетінше жұмыс істеу және орындалған тапсырмаларды өзін-өзі бағалау қабілеттерін анықтау болды. Экспериментке Қызылорда қаласындағы «химия-биология» бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сыныбының   27 оқушысы (15 қыз және 12 ұл) қатысты. Педагогикалық эксперимент өзін-өзі бағалау нәтижелері мен оқушылардың өз бетінше меңгерген оқу материалын зерттеушінің бағалауында  шамалы сәйкессіздіктер бар екенін көрсетті. Нәтижесінде оқушылардың 22%-ы оқу материалын «өте жақсы» меңгерді; «жақсы» - 44%; «қанағаттанарлық» - 34%. Зерттеу болжамы расталды – оқушылар оқу материалын өз бетінше меңгере алады, бірақ оқушылардың жеке ерекшеліктерімен анықталатын өзін-өзі бағалауды жүргізуде қиындықтарға тап болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-04-10

Қалай келтіруге болады

Қайнарбаев, Е., Байкенжеева, А., Кемеза, И., & Аманбекова, Д. (2025). Биологияны оқытуда оқушылардың өзін-өзі оқыту және өзін-өзі бағалауын ұйымдастырудың дидактикалық шарттары. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 112(1), 71–82. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-71-82

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі