Орта білім беру жүйесінде жаңа терминдерді меңгерту арқылы білім алушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастыру

Авторлар

  • Аида Әубәкірова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Шерубай Құрманбайұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ақжібек Ахмет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-4-73-84

Түйінді сөздер:

метапәндік құзыреттілік, метабілім, метадағды, метақұндылық, жаңа терминдер, пәнаралық кіріктіру

Аннотация

Мақалада жаңа терминдерді меңгеру үдерісінде білім алушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. XXI ғасырдағы білім беру кеңістігінде білім алушылардың пәндік білімімен қатар, ақпаратты талдау, біріктіру және оны жаңа жағдайларда қолдану қабілеттерін дамыту өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыда метапәндік тәсіл білім алушылардың метабілімін, метадағдыларын (ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау қабілеттері) және метақұндылықтарын (білімге деген ынта мен жауапкершілік) дамытуға бағытталады. Зерттеу орта мектептің 6-сынып білім алушылары арасында жүргізілді. Экспериментке жалпы 49 білім алушы қатысты. Мақалада «Жаңа терминдер» элективті курсы негізінде жаңа терминдерді оқытуда қолданылатын әдістер сипатталады: жобалық, зерттеу, проблемалық және интерактивті әдістер. Сондай-ақ пәнаралық интеграция мен цифрлық құралдарды («Mektep.Sozdik» қосымшасы) пайдалану білім алушылардың ақпараттық және терминологиялық сауаттылығын арттырудың тиімді тетігі ретінде көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде эксперементтік топтың терминологиялық сауаттылық деңгейі 43%-дан 84%-ға дейін өсті, бұл метапәндік құзыреттіліктің тиімді дамуын көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Қалай келтіруге болады

Әубәкірова, А., Құрманбайұлы , Ш., & Ахмет, А. (2025). Орта білім беру жүйесінде жаңа терминдерді меңгерту арқылы білім алушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастыру. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 4(115), 73–84. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-4-73-84

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі