Географиялық терминологияның мектеп оқулықтарында жүйелі қолданылуы

Авторлар

  • Данагуль Смакова Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы
  • Ербол Әбдірәсілов Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы
  • Маржан Әжібекова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Жанар Әділбекова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-128-142

Түйінді сөздер:

мектеп оқулықтарының терминологиясы, терминологиялық бірізділік, терминжасам тәсілдері, география терминдері, терминдерді оқулықта қолдану

Аннотация

Бұл мақалада жалпы орта білім беру мектептеріне арналған география пәні оқулықтарындағы терминдердің құрылымдық және әдістемелік ерекшеліктері мен өзекті мәселелері жан-жақты талданады. Зерттеу нысаны ретінде 7-11-сыныптарға арналған география оқулықтарындағы терминологиялық құрам негізге алынады. Терминдердің сандық көрсеткіші, ғылыми дәлдігі, тілдік сауаттылығы, анықтамалар құрылымы, күрделілік деңгейі және оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі арнайы критерийлер бойынша бағаланады. Зерттеу барысында сараптамалық тәсілдер, мазмұнды талдау, анықтамалар құрылымын зерделеу және қайталанатын терминдерге салыстырмалы контенттік талдау қолданылады. Сондай-ақ, сарапшылардың пікірі мен түзету ұсыныстары сапалық талдау нысаны ретінде қарастырылады. Талдау нәтижесінде оқулықтарда орынсыз, қайталанатын және бірізділігі сақталмаған терминдердің кездесетіні анықталады.

Оқулықтарда ұсынылған терминдер анықтамаларының күрделілігі және тілдік үйлесімділігі сипатталады. Аударма мен транслитерация мәселелері оқу үдерісін қиындатып, оқушының түсіну деңгейіне кері әсер етеді. Үлгілік оқу бағдарламасы мен оқулықта қолданылған терминдердің арасында мазмұндық және тілдік сабақтастық сақталмауы байқалады. Мақалада терминдердің логикалық-сабақтастықпен берілуі, анықтамалардың ықшам әрі түсінікті болуы және ғылыми стильге сай қалыптастырылуы бойынша нақты ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижесі оқулық сапасын арттыруға, оқу материалдарын жүйелеуге және білім алушыға түсінікті орта қалыптастыруға бағытталған әдістемелік ұстанымдарды негіздейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30 - жаңғартылған 2025-09-30

Нұсқалар

Қалай келтіруге болады

Смакова, Д., Әбдірәсілов, Е., Әжібекова, М., & Әділбекова, Ж. (2025). Географиялық терминологияның мектеп оқулықтарында жүйелі қолданылуы . Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 114(3), 128–142. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-128-142

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі