Қазақстанда инклюзивті білім беру жағдайында білім алушыларды кәсіби бағдарлаудағы педагогтердің рөлі
Аннотация
Елімізде білім алушыларды қазіргі жағдайда сұранысқа ие және олардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктеріне жауап беретін мамандықтарды саналы түрде таңдауға дайындау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Десе де, қазіргі жағдайды талдау мектеп түлектерінің, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың еңбек нарығына бейімделуінің қазіргі деңгейі барлық сұраныстарға жауап бермейтінін көрсетеді. Осы орайда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлерімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде зерттеу жұмысы жүргізілді (AP14871693, 2022-2024 жж.). Зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, еліміздің білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүйелі түрде жолға қойылмағаны анықталды. Мақалада білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып кәсіби бағдарлау жүйесін қайта ұйымдастыру мәселелеріндегі мектеп педагогтерінің рөлі қарастырылады